ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы көлік кептелісіне қатысты пікір білдірді

Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қырғыз-қазақ шекарасында қырғыз жағындағы "Ақ-тілек" (Қырғыз Республикасы) – "Қарасу" (Қазақстан Республикасы) өткізу пунктінде жүк көліктерінің кептелісі барын мәлім етті.
"Бұған негізгі себеп – жеміс-көкөніс өнімдерін кіргізумен байланысты маусымдық жүк ағынының және жалпы Қазақстан арқылы жүк транзитінің артуы. "Қарасу" өткізу пунктінің кіруге тәуіліктік өткізу мүмкіндігі 300 көлікті құрайды (биылғы 19 қарашада 283 автомашина өткізілді)", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.
Ведомство мәліметінше, қалыптасқан жағдайдың есебінен, Қырғыз Республикасының мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметімен өзара тығыз әрекеттестік ұйымдастырылды.