Украина қазақша көше атауларынан бас тартты

Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Украина деколонизация аясында кеңестік кезеңмен байланысты топонимдерді өзгертуді қолға алды. Соның ішінде қазақ тілінен енген көше атаулары да бар.
Кривой Рогта бірқатар көше атауы өзгереді, солардың қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау көшелері бар.
Сонымен қатар құжатта Көкшатау көшесінің аталу тарихы да келтірілген. Көше 1975 жылы солай атала бастаған.
Өйткені 1941 жылы Криворожье теміржол депосы Көкшетауға эвакуацияланған еді. Көше атауы бұл оқиғамен байланысты.