Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдің әуе қорғанысы Мәскеуге қарсы әуе шабуылын тойтарды

Бұған дейін Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бір күнде Украинаның 31 пилотсыз ұшатын аппаратын атып түсіргені хабарланған болатын
Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. 19 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 23.20-да Киев режимінің Мәскеу мен Мәскеу облысындағы нысандарға ұшақ типті пилотсыз ұшу аппаратын пайдаланып теракт жасау әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің кезекші құралдары Мәскеу облысының аумағында пилотсыз ұшатын аппаратты тежеді.
Бұған дейін хабарланғандай, ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бір тәулікте Донецк халық республикасының Пески, Яковлевка, Спорное, Ольгинка, Доломитное, Верхнеторецкое, Марьинка, Луганск халық республикасының Золотарёвка, Белогоровка, Херсон облысының Новая Каховка, Пролетарка елді мекендері аудандарында Украинаның 31 пилотсыз ұшатын аппаратты атып түсірді.
Сонымен қатар, қорғаныс министрлігі Ресейдің жедел-тактикалық авиациясы Купянск бағытында Украина қарулы күштерінің бес бригадасының уақытша орналасу пунктіне зымыранды-бомбалы соққы бергенін хабарлады. Бұл туралы "Запад" әскер тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Зыбинский мәлімдеді.
"Купянск бағытындағы ұрыс кезінде "Запад" әскерлер тобының жедел-тактикалық авиациясының экипаждары Петропавловка, Песчаный, Синковка және Степова Новоселовка елді мекендері аумағында 14, 41, 43 және 44 механикаландырылған және 101 аумақтық қорғаныс бригадаларының уақытша орналасу пункттеріне зымыранды-бомбалы соққы берді", - деді ол.
Сонымен қатар Ка-52 және Ми-28 шабуылдау тікұшақтарының экипаждары Ивановка, Берестовая, Стельмаховка аумағында 14-ші және 32-ші механикаландырылған және 25-ші әуе-десанттық бригадаларының адам күші, қару-жарағы мен әскери техникасы жиналған жерге әуеден соққы берілген.