Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей авиациясы Украина қарулы күштерінің бес бригадасына соққы берді

Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Ресейдің жедел-тактикалық авиациясы Купянск бағытында Украина қарулы күштерінің бес бригадасының уақытша орналасу пунктіне зымыранды-бомбалы соққы берді, деп хабарлады РИА Новостиге "Запад" әскерлер тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Зыбинский.
"Купянск бағытындағы ұрыс кезінде "Запад" әскерлер тобының жедел-тактикалық авиациясының экипаждары Петропавловка, Песчаный, Синковка және Степова Новоселовка елді мекендері аумағында 14, 41, 43 және 44 механикаландырылған және 101 аумақтық қорғаныс бригадаларының уақытша орналасу пункттеріне зымыранды-бомбалы соққы берді", - деді ол.
Сонымен қатар Ка-52 және Ми-28 шабуылдау тікұшақтарының экипаждары Ивановка, Берестовой, Стельмаховка аумағында 14-ші және 32-ші механикаландырылған және 25-ші әуе-десанттық бригадаларының адам күші, қару-жарағы мен әскери техникасы жиналған жерге әуеден соққы берілген.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский