АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Республикалық маңызы бар жолдар барлық бағыт бойынша ашық, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Өткен түнде мамандар 500 м3 құм-тұз қоспасын себілген
Еске сала кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, қар, жол бойындағы көрінудің шектелуі) еліміздің 3 өңірінде (СҚО, Қостанай және Ақмола облыстары) 27 жол учаскесі жабылған болатын. Қазіргі таңда тасжолдарды қардан тазалап, құм-тұз себу үшін 220 арнайы техника мен 300 маман жұмылдырылды.
Қостанай облысында жол мамандары 30 жүк көлігінің және 4 жеңіл көлік жүргізушісіне көмек көрсетті. Ал СҚО аумағында мамандар арнайы техниканың көмегімен қар құрсауынан 3 көлікті шығарды.