Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі табылды

300 адам жоғалған Милананы екі күн бойы іздеді. Іздеу жұмыстарына тікұшақ пен 70 техника жұмылдырылды
Sputnik
ПАВЛОДАР, 19 қараша – Sputnik. 17 қарашада Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар Милананың денесі табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Полицейлер қазір толығырақ ақпарат әзірлеп жатқанын айтты.
Құтқарушылар, кинологтар, полицейлер мен еріктілер, барлығы 320-дан астам адам баланы екі күн бойы іздеді. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ пен 72 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
2015 жылы туған Милана Давыдова Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сыныбында оқиды. Анасының полицияға айтқан нұсқасы бойынша, 17 қараша күні сағат 16.00 шамасында әйел демалыс күндеріне үш баласымен ауылдан 15 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығында тұратын күйеуіне баруды ұйғарған. Милана барудан бас тартып, үйінен кетіп қалған, содан кейін қыздан хабар болмаған.