АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Павлодар облысында дауыл салдарынан бірқатар төтенше оқиға тіркелді, деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"Қазіргі таңда ғимараттардың шатыры ұшып кетудің 42 фактісі тіркелді. 100 елді мекенде электр қуаты өшіп қалды. 60 елді мекенде жарық беру қалпына келтірілді, 40 елді мекен жарықсыз отыр", - деп жазылған хабарламада.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарынан ауа райы қалпына келмейінше, далаға шықпауды сұрайды.