АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жексенбіде Газа секторындағы "Аш-Шифа" ауруханасынан науқастарды анклавтың оңтүстігіне жеткізу бойынша жаңа миссиялар ұйымдастырылады деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Алдағы 24-72 сағат ішінде "Аш-Шифа" науқастарын Газаның оңтүстігіндегі Нассер медициналық кешеніне және Газадағы Еуропа ауруханасына жедел жеткізу үшін жаңа миссиялар ұйымдастырылады", - деп хабарлады ДДСҰ .
Ұйым Газа секторындағы науқастарды шығару үшін соғыс қимылдары жүріп жатқан екі ел тарапынан қауіпсіздік кепілдіктерін күтетіндерін де мәлімдеді. Сонымен қатар, ДДСҰ Палестина анклавының оңтүстігіндегі ауруханалар қазірдің өзінде өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс істеп жатқанын және "Аш-Шифадан" келген науқастар медициналық мекемелердің қызметкерлеріне қосымша жүктеме болатынын айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, "Аш-Шифа" ауруханасында үш жүзден астам адам қалды, оның ішінде 25 қызметкер мен 291 науқас, оның ішінде ауыр халдегі 32 нәресте бар.
Ұйымының хабарлауынша, соңғы күндері медициналық көмектің жоқтығынан кейбір науқастар қайтыс болған. Екі адам жасанды желдетусіз жансақтау бөлімінде жатыр, ал 22 науқас бүйрегіне ота жасауды қажет етеді.