АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Киев облысындағы жарылыстардан кейін ондағы инфрақұрылым нысаны зақымданды. Бұл туралы жергілікті әскери әкімшіліктің басшысы Руслан Кравченко Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"Инфрақұрылым нысаны зақымдалды. Өрт сөндірілді", - деп жазды Кравченко.
Кравченко аймақтағы әуе шабуылы туралы дабылды ескерту түнде бес сағатқа жуық уақытқа созылғанын да айтты.
Еске сала кетейік, жексенбіге қараған түні украиналық ақпарат құралдары Киев пен Киев облысында жарылыс болғанын хабарлады. Ол аймақта әуе шабуылы туралы дабылды ескерту іске қосылды. Таңертең Украина қарулы күштері бақылауындағы Херсонда жарылыс дыбыстары туралы ақпарат тарады.