АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Оман сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
"Бүгінде Оман – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіз Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да игі мақсат-мұраттарға жете беруін тілеймін", – делінген құттықтау жеделхатта.
Президент Оман Сұлтанының аса жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.