Республикалық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде жол жабық

Күре жолдарда 100 бірлік арнайы техника мен 140 маман жұмыс атқарып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Сағат 18.00-дегі ақпаратқа сәйкес ауа-райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жол бойындағы көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді.
"Қазавтожол" мамандарының хабарлауынша, Ақмола облысында 4 жол учаскесі, Қостанай облысында 3 учаске жабық.
Жабық жолар картасы
Қостанай облысында сағат 16:40-тан бастап жол бойындағы көрінудің шектелуі мен қатты желге байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейінгі аралығында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты сағат 17.30-дан бастап (қалың қар, екпінді жел, көрінудің шектелуі) бірқатар жолда қозғалысқа шектеу енгізіледі:
"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
"Жақсы-Есіл-Бузулук" тасжолының Жақсы ауылынан Бузулук ауылына дейінгі жол арасы;
"Жезқазған-Петропавл" тасжолының Державинск қаласынан Знаменка ауылына дейін.
Кешкі сағат 19,25-те тағы бірқатар учаскеде жол жабылды. Солтүстік Қазақстан облысында 8 жол учаскесі жабылды. Ақмола облысында тағы 5 учаске мен Қостанай облысында екі учаскеде жол жабық.
Күре жолдарда 164 бірлік арнайы техника және 190 жолшы жұмыс атқарып жатыр.