АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚҚС төлеміне қатысты тараған ақпарат туралы түсініктеме берді.
"Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "ҚҚС төлемін" енгізгені туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған министрлік таратқан ресми хабарламада.
Ведомстводағылар азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратқа сенуді сұрады және жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.