АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Магомед Адиев Сан-Мариномен өткен жеңісті ойыннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Магомед Мұсаұлы, ойын туралы пікіріңіз.
- Мақсат жеңіске жету, үш ұпай алу болды, біз оны орындадық. Топтағы белгісіздікті соңғы раундқа дейін сақтаймыз, Қазақстан көпшілікті нәтиже қалай болатынын болжаудан шатастырды.
- Хет-трик жасап, символдық командаға қосылуы үшін пенальти тебуді Чесноковқа беру туралы ойладыңыз ба?
– Чесноковқа беруді ойладық. Бiрақ, байқағаныңыздай, менiң Абатпен қарым-қатынасым ерекше, ол допты алған кезде – сол тепсін дедiм.
– Сіз Дарабаевты қорғау үшін әдейі алаңға шығармадыңыз ба, әлде басқа себептер бар ма?
- Маған оның қазіргі жағдайын бағалау қиын. Тым аз күн өтті. Жастар құрамасымен жолдастық кездесуде ол жарақат алды. Мен қателесуге тәуекел ете алмадым.
– Ел президенті киім ауыстыратын бөлмеге кірді ме, не деді?
– Президент келмеді, Спорт министрі сонда болды, ол мемлекет басшысының атынан алғыс айтып, Словениямен ойынды күтетінін жеткізді.
– Бүгін біздің команда барлығын ойдағыдай атқара алмады, мұның себебі неде?
- Біз жеңіске жеттік, осыны негізге алу керек. Сіздердің тартысты ойын көргіңіз келді, бірақ шынымды айтсам, ойын алдында мен жігіттерге бізде қандай қиындықтар болатынын айттым. Қазір нәтижеге басымдық бар және біз әдемі ойынға дайын емеспіз. Оның үстіне жарақат алғандар бар – Ғабышев, Тағыберген, Зайнутдинов, тағы басқалар. Бізде 16 адам бар, сонымен қатар сегіз негізгі ойыншымыз бар, егер олардың біреуі шығып қалса, бұл қиын.
– Зуевтің ойынын қалай бағалайсыз?
– Біз одан үлкен нәтиже күтеміз. Оның әлеуеті көбірек нәтиже көрсетуге мүмкіндік береді. Ол жаттығуда әлдеқайда жақсы көрінді. Мен мұны оның жауапкершілігі мол жігіт екенімен, өзіне айтылған сынның бәрін басынан өткеруімен байланыстырамын. Ол айыптама добын соғар алдында өте креативті. Бірінші матч үшін жаман емес, ол әлі де жақсы жағынан көрінеді.
- Қайыровтың жарақаты қаншалықты ауыр?
- Біз одан қол үзген сияқтымыз. Скворцовты алаңға жібердік, себебі ол көбірек шабуылдайды. Тапалов қорғанысқа бейім, біз Еркінді Левпен салыстыру үшін ойынға шығардық.
– Қазақстан құрамасын ЕУРО-2024 ойынына алып шықсаңыз, ұлт қаһарманы, аты аңызға айналған тұлға боласыз. Мұндай жағдайда еліміздің азаматтығын қабылдауға дайынсыз ба?
– Шынымды айтсам, мен аңыз адам сияқты теңеулерді ұнатпаймын. Маған бұл мүлдем керек емес. Мен үшін өмірде одан да маңызды нәрселер бар. Иә, мен бапкер ретінде жетістікке жеткім келеді, Еуроға шыққым келеді. Азаматтыққа келсек, мен Қазақстанға ризамын, олар маған елдің футбол өміріндегі ең құндыны сеніп тапсырды. Мен оны бағалаймын және оны ешқашан ұмытпаймын. Мен мәңгі Қазақстанның патриоты болып қала беремін.