Әзербайжан Израиль елшілігіне жасалған шабуылдың алдын алды

Осыдан төрт ай бұрын Ауғанстан азаматы елшілікке шабуыл жасамақ болды деген күдікпен ұсталды
Sputnik
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі тергеу мәліметі бойынша Бакудегі Израиль елшілігіне шабуыл жасамақ болған ер адамды ұстады. Бұл туралы Ynet порталы хабарлады.
Портал Әзербайжанның қауіпсіздік күштері Бакудегі елшілікке кірмек болған болжам бойынша ирандық қарулы адамды қолға түсіргенін хабарлады.
Әзербайжанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері шабуыл жасаған адамды құрықтап, қарусыздандырған. Күдікті төрт айға қамауға алынды.
Басылым бұл Бакудегі Израиль елшілігіне залал келтіру әрекеттенудің бірінші фактісі емес екенін жазды. Осыдан төрт ай бұрын Ауғанстан азаматы елшілікке шабуыл жасамақ болды деген күдікпен ұсталған болатын.
Әлемнің көптеген елдерінде Израильге қарсы шерулер өтіп жатыр, билік тіпті Израиль өкілдіктерін қорғауға алуға мәжбүр.