АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Ресей әскерилері Краснолиманск бағытында украиналық "Азов" бригадасын (Ресейде тыйым салынған террористік ұйым) талқандады, деп хабарлады "Центр" әскери тобының баспасөз орталығының жетекшісі Александр Савчук.
Оның айтуынша, ресейлік бөлімшелер, артиллерия және армиялық авиация Торский және Серебрянск орман шаруашылығы аймағында қарсы тарапқа шабуыл жасады.
Бұл операция барысында 12-ші арнайы мақсаттағы "Азов" бригадасынан басқа Украина қарулы күштерінің 47-ші механикаландырылған бригадасының және Украина Ұлттық гвардиясының 15-ші полкінің шабуылдау топтарына соққы жасалды.
"Батареяға қарсы ұрыс кезінде украиналық артиллерияның 30 есептобы анықталды және оларға соққы берілді. Сонымен қатар әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Кременная ауданында украиналық пилотсыз ұшу аппаратын атып түсірді ", - деді Савчук.