АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазгидромет 18 қарашадағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады.
Жаңбыр, қар, көктайғақ, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.
Еліміздің оңтүстік-шығысында антициклон жотасының ықпалымен ашық, жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да көп жел күтіледі.