Шымкенттіктер қаржы пирамидасына 700 млн теңге салған – тергеу аяқталды

Жалпы тартылған салымшылардың саны 200-ден асады
Sputnik
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында "Chia Tai Tianging" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеу аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Шымкент тұрғыны 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында қаржы пирамидасының қаладағы филиалын басқарған. Сол кезде 200-ден астам адам осы қаржы пирамидасына 700 млн теңгесін салып, ақшасын қайтара алмаған.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетері, заң бойынша қаржы пирамидаларын құрғаны үшін 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Батыс Қазақстан облысында "Chia Tai Tianging Pharmaceutical" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған адам 400-ден астам адамды алдаған. Олар осы пирамидаға 523 млн теңгесін салды.
Тұрғындардың 425 млн теңгесін қалтаға басқан қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды