Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскері "Азов" пен "Правый сектор" шоғырланған орындарға соққы жасады

Sputnik
АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Бір аптаның ішінде Ресей қарулы күштері Украинаның әскери нысандарына, соның ішінде Азов* және Правый сектор* орналасқан жерлерге зымыран және пилотсыз ұшу аппараттарымен 24 шабуыл жасады. Бұл туралы жұма күні Ресейдің қорғаныс министрлігіндегілер мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.
"11 қарашадан 17 қарашаға дейінгі аралықта Ресей Федерациясының қарулы күштері жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен пилотсыз ұшу аппараттарымен 24 топтық соққы берді. Осы операциялардың нәтижесінде "Лиман" жедел-тактикалық топбы, "Хортица" жедел-стратегиялық әскер тобы, сондай-ақ "Азов"* және "Правый сектор"* ұлттық құрамаларының жауынгерлерін уақытша орналастыру орындарына соққы берілді", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Министрліктгілер мәлімдегендей, артиллериялық арсеналдар, қару-жарақ, әскери техника мен жанар-жағармай қоймалары, аэродром инфрақұрылымы, сондай-ақ Украина қарулы күштерінің снайперлер мен инженерлік құрамын даярлау орталығына соққы жасалды.
* Ресейде тыйым салынған экстремистік ұйым