Қонаевта екі полиция қызметкері жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

Кұдіктілер - 2000 және 2001 жылғы полиция қызметкерлері
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Қонаевта кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөздің айтуынша, полиция қызметкерлері жасөспірім қызды зорлады деген күдіктілерді әшкереледі.

"Биыл 7 қарашада полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды. Сол күні іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы "Зорлау" бойынша облыстық полицияда тіркелді", - дейді ведомство.

Жедел-іздестіру кезінде 2000 және 2001 жылғы күдіктілер анықталып, "ізі суымай" ұсталған. Олар қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.