АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. 17 қарашада кәсіби мерекелердің тізбесі қайта бекітілді, оған сәйкес 1 ақпан Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні болып белгіленді.
"Бұл ұсыныс соғыс және еңбек ардагерлерінің біріккен кеңесінен келіп түсті. Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті осы мерекені айқындау бойынша барлық тиісті жұмыстарды атқарды және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бастаманы қолдады", - делінген комитет хабарламасында.
Бұл кәсіби мереке Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы қызметке ерекше мән береді және мемлекеттің жас авиаторларының патриоттық рухын дамытуға түрткі болатынын атап өткен жөн.