АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Ақтауда 287 жұмыскердің жалақы қарызы прокурорлардың араласуынан кейін төленді, деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
"Сенім" медициналық клиникасы" ЖШС еңбек заңнамасын бұзған.
"Биылғы екі айдың еңбекақысы төленбеген. Серіктестік 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам қарыз болған", - дейді ведомство.
Жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазіргі күні жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқығы қалпына келтірілген.