АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Қазақстанның 2023-2024 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы кезінде тұрақты даму, жоғары технологияларды енгізу, азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік негізгі басымдықтар ретінде қарастырылады. Бұл туралы ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі республиканың ұлттық үйлестірушісі Мұрат Мұқышев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының ШЫҰ қызметі мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісінің брифингі
© Photo : Пресс-служба Секреариата ШОС
"Тұрақтылық пен орнықты даму, өзара сауда, цифрландыру, жоғары технологиялар мен инновациялар, ақылды ауыл шаруашылығы, көлік байланысы, "жасыл" даму, бейбітшілік пен халықтардың өркендеуі үшін азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік ШЫҰ үшін ортақ трендке айналды", - деді ол Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, Қазақстан ұйым мемлекеттерін ШЫҰ-ның "Әділетті бейбітшілік пен келісім үшін дүниежүзілік бірлік туралы" бастамасын бірлесіп дайындауға шақырды.
Республиканың басқа бастамаларының қатарында ол ШЫҰ-ның бірлескен инвестициялық қорын құру мүмкіндігін пысықтауды, ірі стратегиялық порттар мен логистикалық орталықтардың серіктестік желісін қалыптастыруды, цифрландыру және экология саласындағы ынтымақтастық бойынша практикалық шараларды атады.
Мұқышевтің айтуынша, ШЫҰ-ның Экология жылы аясында іс-шаралар, стартаптар мен инновацияларды қолдауға арналған цифрлық форум, сондай-ақ "Алтын Орда және оның мұрасы" халықаралық конференциясын өткізу жоспарланған.
Ұлттық үйлестіруші ШЫҰ теңдік, өзара кеңесу, өзара сенім және мәдени әртүрлілікті құрметтеу қағидаттарын сақтап жұмыс істейтінін еске салды.