АЛМАТЫ, 16 қараша - Sputnik. Тек 2023 жылдың 10 айында Қазақстанда көлікте 1 811 өрт болды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда өрт 14%-ке азайған.
Өртенетіндер негізі – жеңіл автокөліктер. Олардың көрсеткіші – 77%. Негізгі себептері:
автокөлік құралында электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
қолдан газ жабдықтарын орнату;
отын және электр жүйесінің істен шығуы;
қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;
қасақана өртеу.
Ведомство автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргіштің болу керектігін ескертеді.