Қарағанды облысында кокс шығаратын арнайы зауыт іске қосылды

Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды
Sputnik
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт жұмысын іске қосты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Зауыт Қарағанды ​​облысындағы "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Шұбаркөл" көмір кенішінің аумағында орналасқан.
Жаңа кәсіпорында 184 жаңа жұмыс орны ашылды. Өндірістік қуаттылығы – жылына 400 мың тонна арнайы кокс.
"Негізгі өнімдерімізден басқа, біз жылына 70 000 т көлеміндегі көмір шайыры мен көмір майын өндіруді жоспарлап отырмыз. Өндіріс шикізаты ретінде Шұбаркөл разрезінің Д маркалы көмірі пайдаланылатын болады", - дейді "Шұбаркөл көмір" АҚ бас директоры Сергей Ким.
Айта кетері, жоба бүгін елордада өткен "Қазақстан қамту 2.0" халықаралық форумы аясында ресми түрде қосылды.