Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарулы күштері Горловкаға үш снаряд ұшырды

Украина қарулы күштері қолданып жатқан 155 миллиметр калибрлі артиллерияны НАТО елдері берген
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Украина әскері Горловка қаласына 155 миллиметрлік үш снаряд ұшырды, деп хабарлады РИА Новости.
"Сағат 00.00-ден кейін Украина қарулы жасақтары Дзержинск елді мекені – Горловка елді мекені бағытында 155 миллиметр калибрлі 3 снарядпен атқылады", - делінген хабарламада.
155 миллиметр калибрлі артиллерияны НАТО елдері пайдаланады. АҚШ Украинаға 155 мм калибрлі M777 ұзақ қашықтыққа ұшатын гаубицаларды берді. Украина әскері оларды ДХР және ЛХР қалаларын атқылау үшін пайдаланып жатыр.
Сондай-ақ Украина әскеріне немістің PzH 2000, поляктың Krab және француздың CAESAR өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылары жеткізілді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский