АЛМАТЫ, 15 қараша - Sputnik. Алматы облысының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына қосылмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жоба ашық НҚА порталында жарияланды.
"Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын. Алматы облысында құрылған жаңа қалаға Алатау атауы берілсін", - делінген Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қазақстан Республикасы президенті жарлығының жобасында.
Жоба 29 қарашасына дейін жария талқылауға шығарылды. Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды Қазақстан Республикасының үкіметі қабылдайды.
Жетіген — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Жетіген ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.