Қазақстанда 117 жойғыш ұшақ жарамсыз болып қалды

Барлық ұшақтың техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімі өтіп кеткен
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қазақстанда 117 жойғыш ұшақты жойып жіберуге шешім қабылданды, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің (қазіргі өнеркәсіп және құрылыс министрлігі – ред) бұйрығы бойынша МиГ-23УБ, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 және Су-24МР, барлығы 117 бірлік авиатехника пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне енгізілген.
"Оны Қазақстан Республикасының аумағында кесу әдісімен кәдеге жарату арқылы жою шартымен электрондық тендерге шығаруға жатады. Негізгі шарт – оны толығымен жою", - дейді министрлік мамандары.
Барлық ұшақтың техникалық жай-күйі мен пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Оны ары қарай пайдалануға болмайды. Ал үшінші тұлғаларға өтіп кетпеуіне жол бермеу үшін кесу және басқа да жолымен жоюға шешім қабылданды.