Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирдегі қонақ үйге орналастырылды

Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Бүгін Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Каирге жетіп, қонақ үйге жайғасты, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломаттар мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері оларға барлық қажетті көмекті, оның ішінде психологиялық қолдау көрсетуде.
"Сонымен қатар Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелеріне құжат рәсімдеу мәселелері қаралу үстінде", - делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аясында "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Мысыр аумағына өткені хабарланған болатын.
Газа секторынан эвакуацияланатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды