Газа секторынан 92 қазақстандық эвакуацияланды

Газа секторынан шыққан қазақстандықтар Каирге аман-есен жеткеннен кейін оларға эвакуациялық борт жіберіледі
Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аясында "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Мысыр аумағына өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін барлығы бір тізбекпен Каир қаласына шықты.
"Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады", - дейді министрлік мамандары.
Газа секторынан шыққан қазақстандықтар Каирге аман-есен жеткеннен кейін оларға эвакуациялық борт жіберіледі.
Газа секторынан эвакуацияланатын қазақстандықтардың тізімі жарияланды