АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Украинаның Цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметке сәйкес, Украинаның Сумск және Чернигов облыстарында, сондай-ақ Херсон облысының Киев бақылайтын бөлігінде әуе дабылы іске қосылды.
Карта деректеріне сәйкес, дабыл алдымен Сумск облысында (Астана уақытымен 14.46-да), кейін Чернигов облысында (Астана уақытымен 13.09-да) қағылды.
Бұған дейін сейсенбіде Киев тағайындаған Херсон облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Александр Прокудин Украина қарулы күштері бақылауындағы Херсон және Берислав қалаларында сауда порты мен зауыт аумағына зақым келгенін хабарлаған болатын.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күннен соң бастады.
Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр. Содан бері Украинада күн сайын, кейде бүкіл ел бойынша әуе дабылы іске қосылып келеді.