Елорда тынысы

Астанада 3 альпинист биіктен құлап көз жұмды: жұмыс беруші ұсталды

Салынып жатқан тұрғын үйдің аумағында төрт өнеркәсіптік альпинист биіктен құлап кеткен болатын
Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Астанада құрылыс алаңында альпинистердің құлау фактісі бойынша күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК (ИП) басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасымен тергеу органы ЖК басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды", - делінген хабарламада.

Құқықбұзушылыққа қатысы бар барлық адамды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында, деп атап өтті ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға биыл 12 қазанда болды. Астанадағы құрылыс нысанында 4 өнеркәсіптік альпинист тоғызыншы қабаттан құлап, салдарынан үшеуі қаза болды. Жұмысшылардың үшеуі 1999 жылғы болса, біреуі 2002 жылы туған.
Астанада 4 құрылысшы биіктен құлады – қылмыстық іс қозғалды