"Ақтөбе-Қостанай" магистраль газ құбыры: жобалау жұмыстары 2024 жылы аяқталады

Жобаның құны әзірге белгісіз
Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Энергетика министрлігі "Ақтөбе – Қостанай" газ құбырының жобалау жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ақтөбе – Қостанай" магистраль газ құбыры Қостанай облысын ары қарай газдандыруға және ірі өнеркәсіптік нысандарды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді бастады. Бұл жұмыс 2024 жылдың 1-тоқсанында аяқталады. Жобада ұзындығы 600 шақырымнан астам газ құбырын және КС-14 базасында компрессорлық станцияларды салу жоспарланып отыр", - делінген ресми хабарламада
Ал жобаның құны техникалық-экономикалық негіздеме дайын болғанан кейін белгілі болады. Мамандар осы газ құбырын "Сарыарқа" магистраль газ құбырына қосу мәселесін де зерделеп көреді.