АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Көлік жүргізушілері 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында қысқы дөңгелекпен жүруге міндетті.
Ережені бұзған жағдайда полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы. Сондай-ақ техникалық регламентті сақтамағаны үшін көлік жүргізушісіне айыппұл салынады.
"Мұндай заңбұзушылық алғаш рет жасалса, 17 250 теңге (5 АЕК) айыппұл, ал бір жыл ішінде тағы осындай құқықбұзушылық анықталса, 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл салынады", - деді Салтанат Әзірбек өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте.