Ұлттық банк төрағасы Тоқаевқа БЖЗҚ мен ұлттық қор активтері туралы есеп берді

Тимур Сүлейменов ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты
Sputnik
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тимур Сүлейменов:
ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері;
экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі;
цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары;
экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы;
ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары туралы есеп берді.