АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.
"Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді", - деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.
Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар жасалады.
Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.
Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды, деп атап өтті полиция департаменті.