АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Ресейдің Батыс тобындағы радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс күштерінің әскери қызметшілері кәсіби мерекесін майдан даласында атап өтіп жатыр. Алайда әскерилердің мерекені тойлауға уақыты жоқ.
"Өкінішке қарай, соңғы кездері мереке дегенді ұмыттық, жауынгерлік жұмыстармен айналысып жатырмыз. Қазір тек сол туралы ғана ойлаймыз, қалғаны кейінірек бола жатар", - дейді "Орал" шақыру белгісі бар атқыщтар ротасының командирі.
Күн сайын "Солнцепек" ТОС-1А ауыр оқ атқыш қондырғыларының тобы бекінген тірек пункттері мен блиндаждарды қиратып, Купянск бағытында Украина қарулы күштерінің адамдары мен броньдалған машиналарын талқандауда.
Бір қаптамада 24 термобарикалық снаряд бар. Олар 40 мың шаршы метр аумақты қамтуға қабілетті.
Арнайы әскери операцияның тапсырмаларын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін "Орал" Ресей Федерациясының Батыры атағына ие болды.