"ҚазМұнайГаз"-дың еншілес компаниясына ірі көлемде айыппұл салынды

АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынның саудасын негізсіз шектеп отырған
Sputnik
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. "Petrosun" компаниясына бәсекелестік заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сәйкес, "Petrosun" нарықтың жекелеген субъектілерімен келісімшарт жасаса да, АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынның саудасын негізсіз шектеп отырған.
"Сондай-ақ "Petrosun" ЖШС-ның іс-әрекеттері жекелеген контрагенттермен шарттардың талаптарын бұзуға алып келді және олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтырды", - дейді агенттік мамандары.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша "Petrosun" ЖШС-іне 542,9 млн теңге айыппұл салды.
Айта кетері, Petrosun-ның иелері - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы және "Қазақстандағы Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы интернационал" ЖШС.