"Әріптесі атып жіберген": Ұлттық ұланда әскери қызметшісі көз жұмды

Қызметкер алған жарақатынан қайтыс болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 13 қараша - Sputnik. Ұлттық ұланның әскери қызметшісін әріптесі байқаусызда атып жіберген, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 12 қарашада болған.
"Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісін әріптесі абайсызда атып жіберді. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Бірақ әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады", - деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі күні қызметтік тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.