АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Алматы қаласы Алатау ауданында 1440 орындық екі колледж бен 760 орынға арналған жатақханалардың құрылысы басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Зерделі шағын ауданында кәсіптік-техникалық колледж пайдалануға беріледі. Жаңа оқу орны 720 адамға арналған. Ал жатақханада 380 студент тұра алады.
Тура сондай жатақханада Алғабас шағын ауданында болады. Бірақ колледж инновациялық-техникалық бағытта білім береді.
Айта кетері, мемлекет басшысы Алматыға жасаған сапары кезінде нда студенттерге арналған жатақхана мәселесін шешуді тапсырған. Қазіргі кезде Алатау ауданында 1 600-ден астам адам оқитын университет және 859 оқушы оқитын екі орта арнаулы оқу орны бар. Енді, оларға тағы екі колледж қосылады.