АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при жарысының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
10-12 қараша аралығында Қытайдың Чунцин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при кезеңінің жарысы өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Шайдоров жалпы 264.46 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды. Бұл – 19 жастағы Шайдоровтың мансабындағы үздік ұпай көрсеткіші.
Бірінші орынды Франция спортшысы Адам Сяо Хим Фа (298.38) алса, жапон спортшысыШома Уно (279.98) күміс жүлдеге қол жеткізді.