Бишімбаевтың әйелінің өлімі: Гастро орталық директоры ұсталды

Дереккөздердің хабарлауынша қылмыс болған Bau мейрамханасы Гастро орталық аумағында орналасқан
Sputnik
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында "Қылмысты жасыру" бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, деп хабарлайды Астана полициясы.
Істі тергеу барысында қылмыс болған Bau мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде Гастро орталық директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Айта кетері, істің тергеу барысын ІІМ басшылығы бақылауға алды.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды