Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды

Сот бұрынғы министрдің қамауға алынғанын ресми түрде растады
Sputnik
АСТАНА, 12 қараша– Sputnik. Өз әйелін өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды.
"11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ. Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - желінген сот хабарламасында.
Еске сала кетейік, 9 қараша күні бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы тараған хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Экс-министр Бишімбаевтың әйелінің өлімі: ІІМ атышулы істі бақылауға алды