Қоғам

Он жыл бойы Сирияда соғысқан қазақстандық елге жеткізілді

ҰҚК қызметкерлерінің айтуынша, ер адамның радикалдық идеялардан көңілі қалған
Sputnik
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2013 жылдан бері Сирияда террористік топтар құрамында болған Қазақстан азаматын Түркиядан елге жеткізді.
"Белгілі болғандай, оның радикалдық идеялардан көңілі қалған, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткен және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілген. Осы әрекеті арқылы ол басқа содырларға террористік белсенділік аймақтарында одан әрі болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болды", - дейді ҰҚК қызметкерлері.
Қазақстанға келгеннен кейін ер адам қамауға алынды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Тергеу барысында оның өз еркімен берілгені ескеріледі, деп атап өтті ҰҚК.
Қоғам
ҰҚК елорда әуежайында екі қазақстандықты ұстады