Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Қазақстанға сапарынан кейін Дондағы Ростов қаласына ұшып барды

Ол Оңтүстік әскери округінің штабында қолбасшылардың есебін тыңдады
Sputnik
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға сапарынан кейін Дондағы Ростов қаласындағы Оңтүстік әскери округінің штабында болып, қолбасшылардың есебін тыңдап, әскери техниканың жаңа үлгілерімен танысты. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
"Владимир Путин Астанаға ресми сапарын аяқтап, Ростовқа ұшып кетті, онда ол Оңтүстік әскери округінің штабында болды", - деді Песков.
Путинмен бірге қорғаныс министрі Сергей Шойгу, Ресей қорғаныс министрлігі бас штабының бастығы Валерий Герасимов және басқа да әскери қолбасшылар жүрді.
"Владимир Путинді әскери техниканың жаңа түрлерімен таныстырды және арнайы әскери операцияның барысы туралы баяндама жасалды", - деп толықтырды Песков.
Тоқаев пен Путин келіссөздерден кейін қандай келісімге келді