АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанда күнбағыс тұқымының қоры азайды, деп хабарлайды APK ақпарат агенттігі.
Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша 322 мың тонна күнбағыс қоры болған. Бұл шілде айындағы көрсеткіштен 112 мың тоннаға төмен және өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 190 мың тоннаға төмен.
Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда барлығы 967 мың тонна майлы дақылдар тұқымының қоры болған.
"Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығының бағалауы бойынша, негізгі әлеуметтік өңірлерде ауа-райының құрғауына және вегетациялық кезеңде жауын-шашынның болмауына байланысты өнім 30-40%-ке қысқарып, 850 мың тоннадан аспауы мүмкін. Бұл өткен жылмен саоыстырғанда 17%-ке аз", - деп жазды агенттік.