АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясы өтеді, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы "Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік комитетінің жетпіс үшінші сессиясын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.