"АрселорМиттал Теміртауға" 1 млн теңге айыппұл салынады

Нысан жылыту маусымына дайын емес, қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесі бұзылған
Sputnik
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға тиесілі Теміртаудағы №2 жылу электр орталығына жылу маусымына дайындық паспорты берілмеген, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша энергетикалық қадағалау департаменті.
ЖЭО-да 4 және 5 қазандықтарды күрделі және орташа жөндеу кестесі бұзылған, ескі, 16 жыл бұрынғы қондырғылар жаңартылмаған, олардың ақауы бар, 5-қазандықтағы коллекторлар ауыстырылмаған.
"№5 қазандықты жөндеу жұмыстарының сметасында 12 дана коллекторды толық ауыстыру көзделгеніне қарамастан, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ оларды өзгертпеген. Тек тазалаумен және жөндеумен шектелген. Жұмыс істеп тұрған коллекторлардың 150-ден 200 мм-ге дейін елеулі ауытқуы бар", - деп түсіндірді департамент.
Сонымен қатар №3 қазандықтан түтін құбырына дейін газ құбырын жылу оқшаулау және қазандық цехының шатырын жөндеу жұмыстары аяқталмаған.
Оралдағы жылу орталығын жаңартуға 60 млрд жұмсалады