АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен "Қазарнайыэкспорт" лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
"Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген" - дейді ведомство.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазарнаулыэкспорт" – Қазақстан Республикасының үкіметімен құрылған. Кәсіпорын ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскер мен әскери құралымдарды қару-жарақ пен әскери техникамен қамтамасыз ету және әскери мүлік импорты мен экспорты бағытында жұмыс жасайды.