"Росатом" Қазақстанда ядролық медицина орталығын салуы мүмкін

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. "Росатом" Қазақстанда ядролық медицина орталығын сала алады, деп хабарлады бейсенбіде "Русатом Хельскеа" АҚ бас директоры Игорь Обрубов.
Обрубов Қостанайда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйледі. Оның айтуынша, компания әлемнің 50 еліне изотоптық өнім жеткізу үрдісін әлі күнге сақтап келеді.
Ол өз сөзінде "Росатом" денсаулық сақтау саласында өмірлік маңызы бар өнімдердің жеткізілімін бірде-бір рет бұзбаған әлемдегі жалғыз кәсіпорын екенін атап өтті
"Русатом Халскеа" АҚ – "Росатом" мемлекеттік корпорациясының денсаулық сақтау саласындағы сараптамасын жинақтайтын дивизион.