Путин Астанаға ресми сапармен келді

Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлады Ақорда.
Путин Астанаға ресми сапармен келді
Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр.
Путин Астанаға ресми сапармен келді
Келіссөз шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Сапар қорытындысы бойынша Путин мен Тоқаев БАҚ өкілдері үшін сөз сөйлейді.
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.
Қуантыров Путинмен өтетін форумды ұйымдастыруға кеткен 13 млрд теңге туралы пікір білдірді